Алматыдағы "Шымбұлақ" шипажайында енді полицейлер патруль қызметін жүргізеді. Бұл туралы "Шымбұлақ" ЖШС директоры Ержан Еркінбаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tagrinews.kz тілшісі.

"Құрметті қонақтар! Шипажай шыңдарында енді полицейлер жүретінін естен шығармаңыз! Енді қауіпті түрде шаңғы теуіп, тәртіп бұзғандар, адамдарды қағып, оқиға болған жерден қашып кеткендер қатал жазаланады!" - деп жазған Еркінбаев.
Ол сондай-ақ осы бағдарламаны іске асырғаны үшін Алматы әкімі мен полиция басшылығына алғыс білдірді.