Полицейлер есірткі сатушыларды жалдау туралы 3 мың жарнаманы анықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Қазақстандық жарнама сервисінде есірткі сатушыларды жалдау туралы үш мың "жасырын" хабарландыру өшірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жарнама сервисінде есірткі сатушыларды жалдау туралы үш мың "жасырын" хабарландыру өшірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілер мен интернет-сервистерде курьерлік жұмыс ұсынып немесе жалдамалы жұмысшылар қызметін қажет ететін хабарландырулар артында кей жағдайда есірткі бизнесі тұратыны белгілі. Мұндай хабарландырулардың құрбаны ересек азаматтар ғана емес, кәмелетке толмағандар да болуы мүмкін.

"Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша компания полиция мен сервис қызметкерлері анықтаған үш мыңнан астам "жасырын" хабарландыруды алып тастады. Олардың артында есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған. ІІМ мемлекеттік органдардың, "OLX Group" өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды, онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады, жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда олар дереу жойылады", – деп түсіндірді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Хабарландыру агрегаторларын бақылаудан басқа полиция есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтарды және жарнамаларды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері осындай 2700-ден астам интернет-ресурс анықталды. Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.

Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалған есірткі қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді, олар үшін жаза мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro