Полицейлер жүргізушілерді ЖСН арқылы тексере алады - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер жүргізушілерді ЖСН арқылы тексере алады - министр © Әлихан Сариев

Полицейлер енді жүргізушілерді ЖСН арқылы тексере алады. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер енді жүргізушілерді ЖСН арқылы тексере алады. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әріптесім Ерлан Тұрғымбаевтың азаматтарға таяуда жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруінің қажеті болмайтыны туралы айтқаны кешегі күннің басты жаңалығы болды. Бұл шын мәнінде, көптен күткен шешім. Мемлекет пен азаматтың өзара цифрлық іс-қимылын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Полицейлердің жүргізушілерден бұл құжаттарды талап етпей-ақ, оның бар-жоғын ЖСН арқылы тексеруіне техникалық мүмкіндіктер бар.

Қазір Сенатта қаралып жатқан "Цифрлық технологиялар туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар толық заңды күшке ие болып, қағаз құжатпен бірдей қолданылады. Яғни, сіз полиция қызметкеріне өз куәлігіңіздің цифрлық нұсқасын смартфоннан көрсете аласыз", - деп жазды министр.

Енді қазақстандық жүргізушілерге бірнеше құжат алып жүру керек емес - министр

Әзірге мобильдік қосымшада 4 түрлі құжаттың цифрлық нұсқасы бар: жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, неке қию және бұзу, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы.

"Бұл құжаттардың мобильдік қосымшада цифрлық нұсқаларының болуы азамат үшін өте ыңғайлы болар еді деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдардың азаматтан талап етпей, өздері ала алатын анықтамалардан бас тартуы жұмыстарын жүргізудеміз. Жоспар бойынша, мемлекеттік органдар жыл соңына дейін 24 ақпараттық анықтаманы алып тастауға уәде берді. Ол үшін олар өз интеграциясын аяқтауы, сондай-ақ өз регламенттері мен НҚА-ны өзгертуі тиіс", - дейді Жұмағалиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети