08 маусым 2016 | 17:49

Полицейлер Маңғыстау облысындағы вокзалда күмәнді жүкке байланысты тінту жұмыстарын жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube кадрынан © Youtube кадрынан

Маңғыстау тұрғындары Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыздағы күмәнді жүк пен күдіктілер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты полицейлер тінту жұмыстарын бастады.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау тұрғындары Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыздағы күмәнді жүк пен күдіктілер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты полицейлер тінту жұмыстарын бастады.

Маңғыстау облысының ІІД мәліметінше, осы жылдың 6 маусымында кезекші бөлімге жасырын номерден қоңырау келіп түскен. Хабарласқан адам бірнеше күдікті адамның Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыздың вагонына үлкен жүкті салып жатқаны туралы айтады.

"Біздің қызметкерлер вокзалға барды. Айтылған барлық күдіктіні тексердік. Құжаттарының бәрі орнында, полицейлер жүктің ішінде күдік туғызатын ештеңе таппады. Олардың барлығы мұнда уақытша ақша табуға келген екен. Тексерістен кейін оларды қайтардық", - деді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жазира Әбіл.

Айта кетейік, жергілікті "Лада" басылымы куәгерлердің видеосын жариялаған болатын. Видеодан Маңғыстау облысындағы теміржол вокзалында автокөлікті тінту кезіндегі арнайы операция көрінеді.

Басылымның мәліметінше, Маңғыстау облысының теміржол вокзалындағы ғимараттың жанында арнайы қызмет сарбаздарының видеожазбасын куәгерлер автобустан түсіріп алған.

Айта кетейік, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети