Полицейлер Сәтбаевтағы төбелес туралы видеоға пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Сәтбаевтағы төбелес туралы видеоға пікір білдірді

Желіде Сәтбаевтағы мекемелердің бірінде адам өлімімен аяқталған төбелестің видеосы тарады. Полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Сәтбаевтағы мекемелердің бірінде адам өлімімен аяқталған төбелестің видеосы тарады. Полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы әйелдің сөзінше, кафеде бір топ адам жігітті ұрып өлтірген. Ал полицейлер оқиға орнына келіп, бәрін бақылап, ешқандай шара қабылдамай кетіп қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Krg Content (@rec_krg)

Ұлытау облыстық Полиция департаменті кафеге келуші төбелес салдарынан қаза тапты деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"26 желтоқсанға қараған түні сағат 01:40 шамасында "Love Sushi" дәмханасында келушілер арасында жанжал туындады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бұзақылық әрекеттерді тоқтатты. Жанжалда зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілмеді, ол ауруханаға жатқызылмаған.

Бұл ретте төбелеске қатысушылардың екеуіне қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Полиция жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған видео құқықбұзушылықты жою бойынша қажетті шаралар қабылданғаннан кейін түсірілген. Сенімсіз қауесеттерге сенбеуді сұраймыз", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети