04 қаңтар 2017 16:23

Полицейлер Шахандағы төтенше жағдай болған күні кезекшілік еткен от жағушының кім екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қарағанды облысының баспасөз қызметі © Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта полицейлер оның мекен-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта полицейлер оның мекен-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"От жағушының кім екені анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер оның мекен-жайын анықтап жатыр. Содан кейін осы істің мән-жайын анықтау мақсатында шаралар жүргізілетін болады", - деді баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Сондай-ақ, бүгін Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети