Полицейлер Шахтинскіде өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинскіде полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинскіде полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 1 мамырда сағат 14.00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан әйелдің секірмекші болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тез арада оқиға орнына патрульдік полиция взводының инспекторлары Дулат Ситахметов пен Ерназ Өскенбай жеткен.

"Әріптесім екеуміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айқайлаған әйелді көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер әйел ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қаупінің алдын ала алмас едік. Сондықтан мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал Дулат сатымен ішке көтеріліп, тұрғынды әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керектігін барынша айтып, түсіндірді. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде Дулат әйелдің қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды", - деді Ерназ Өскенбай.

Әйел осындай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтты. Полиция қызметкерлері құтқарылған азаматшаны психолог дәрігерлерге тапсырып, қызметін жалғастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети