Алматы полицейлері өз мүлкіңізді ұрыдан қалай қорғау керектігін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап.
Алматы полицейлері өз мүлкіңізді ұрыдан қалай қорғау керектігін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап.
Алматыда пәтерлер мен үйлерді тонау үлесі ұрлықтың біршама бөлігін алады.
"Тұрғындар арасында басты қателіктің бірі "бізде ұрлайтындай ештеңе жоқ" деп ойлау. Ал ұрылар түскеннен кейін, біршама құнды заттың болғанын аңғарады. Сол себепті сіздің пәтеріңіз не үйіңіз нағыз қамал болуы керек. Үйге кіретін есікті барынша берік қылған дұрыс, міндетті түрде терезелр ішінен жабылуы тиіс. Пәтерлерді күзету туралы келісімшарт сіздің мүлкіңіздің қауіпсіз болатынына кепілдік береді. Бүгінде күзет дабыл жүйесі және аула мен кіреберістегі бейнебақылау камералары - пәтер ұрыларына айтарлықтай тосқауыл болды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі, полиция подполковнигі Нұрбол Қамаубаев.