Жол жүру ережелерін қатаң сақталуын талап етіп жүретін блогер әрі қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов Ақтауда болды. Ол 26 тамызда қалада болғаны туралы және полицейлердің қауіпсіздік белбеуін тағып жүргені үшін мақтады, - деп хабарлайды "Лада".
Жол жүру ережелерін қатаң сақталуын талап етіп жүретін блогер әрі қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов Ақтауда болды. Ол 26 тамызда қалада болғаны туралы және полицейлердің қауіпсіздік белбеуін тағып жүргені үшін мақтады, - деп хабарлайды "Лада".
Блогер өзі қатысып үлгерген жағдайлар туралы баяндады.
"Ақтау мені таңғалдырды. Ақтау Шмкент сияқты, бірақ Алматы емес. Полицейлер қауіпсіздік белбеуін тағып жүреді. Мені осы жағдай қуантты, түсірілім жасауға уақыт болмады, алайда істің мәні солай. Мен мұны бір керемет жағдай деп айтпас ем, бірақ көргеніме қуандым", - дейді Руслан Жанпейісов.
Халық белсендісі Ақтау қаласының 7А ықшамауданындағы полиция бекетінің жұмысы туралы айтты. Ол полицейлермен естелікке суретке де түсіп үлгерген.
"Полиция қызметкерлері көлікті құжатсыз жүргізген адамға әкімшілік хаттама толтырмақшы болған. Текресіс барысында оның барлық құжаттары бар екені анықталды, алайда жүргізуші құжаттары салынған әмиянды өзі тұрған жерден 20 метр жерде түсіріп алған екен. Полиция қызметкерлері оның жағдайн түсініп, учаскелік полицейді шақырды. Енді ол жүргізуші әмияны жоғалғаны туралы арыз жазатын болады. Бұл да жақсы жаңалық", - дейді блогер.
Руслан Жанпейісов өзін қонаққа шақырғандарға алғыс білдірді.
"Біреулер қоңырау шалып, шақырғаны үшін, көлік бергені үшін, кездесу сұрағаны үшін - барлығыңызға рақмет. Біреулер келіп амандасып үлгерді, әр түрлі тақырыпта әңгіме айттық. Тағы да қайталаймын, мен полицияны қуалау үшін шарлап жүргенім жоқ. Заң тұрғысынан қиын жағдайға тап болғандарға көмектесу мақсатында ақыға келемін. Қазіргі уақытта мен ауыр жол-көлік оқиғасы үшін келдім", - деп түсіндірді блогер.
Соған қарамастан блошер Желіде полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алғаны туралы видео жарияланды.