15 қаңтар 2022 | 16:24

Полицейлердің әрекетіне қатысты шағымдарға арналған нөмірлер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды мұқият тексеруді тапсырды.

Қазіргі уақытта ішкі органдар бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасады, адамдар көп жиналатын орындарда және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзет жасақтары күшейтілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өткен оқиғалардың салдарын жою бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бейнебақылау камераларын талдау, сондай-ақ айналасына бейжай қарамайтын азаматтардан келіп түсетін материалдарды сараптай отырып, бөтеннің мүлкін жоюға не бүлдіруге байланысты бүліктерге, ұрлауға және тонауға қатысушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Қазақстандықтардан хабарламалар қабылдау және оларға жедел ден қою үшін Полиция департаменттерінің Жедел басқару орталығы мен комендатуралардың call-орталықтары қызметкерлерінің саны артты.

"Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, оның ішінде ұялы телефондарды тексеруге қатысты ақпараттар жарияланып жатыр.

ІІМ азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сондай-ақ қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Ішкі істер министрі елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзге мәселелерімен қатар, қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтауға, оларды негізсіз қылмыстық және әкімшілік қудалауға жол бермеу туралы нұсқау берді.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды, соның ішінде полиция бөлімдеріне жеткізілген және ұсталған адамдардың ұялы телефондарын негізсіз тексеруге байланысты деректерді мұқият тексеру тапсырылды.

Қазақстандықтардан полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық деректері бойынша ІІМ ӨҚД-нің тәулік бойы жұмыс істейтін 1402, 8 (7172) 71-41-09 сенім телефонына, министрдің блогы, "ашықтық алаңы" фронт-офистеріне хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ төмендегі өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуға болады:

Нұр-Сұлтан қалалық ПД ӨҚБ – 8-702-127-98-18

Алматы қалалық ПД ӨҚБ – 8-707-927-67-69

Шымкент қалалық ПД ӨҚБ – 8 (7252) 21-43-23

Ақмола облысы ПД ӨҚБ – 8 (7162) 25-03-60

Алматы облысы ПД ӨҚБ – 8 (7282) 60-81-58

Ақтөбе облысы ПД ӨҚБ – 8 (7132) 52-16-91

Атырау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7122) 25-10-38

Шығыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7232) 23-43-32

Жамбыл облысы ПД ӨҚБ – 8 (7262) 45-43-39, 7-701-072-70-00

Батыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7112) 98-45-68, 98-42-75, 98-40-44, 8-707-290-28-84

Қарағанды облысы ПД ӨҚБ – 8 (7212) 42-93-39 Қостанай облысы ПД ӨҚБ – 8-707-715-44-24

Қызылорда облысы ПД ӨҚБ – 8 (7242) 27-28-74, 8-747-182-51-43

Маңғыстау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7292) 47-52-69

Павлодар облысы ПД ӨҚБ – 8 (7182) 32-28-22

Солтүстік Қазақстан облысы ЖП ЕҚБ – 8 (7152) 61-26-89, 8-700-161-26-89

Түркістан облысы ПД ӨҚБ – 8-701-121-93-35

Көліктегі ПД ӨҚБ – 8 (7172) 94-23-20, 8-707-294-23-20.

Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға толыққанды жауаптар берілетіні хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети