“Полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасаған“. Алматы мен Алматы облысында 6 адам ұсталды

видео кадры

Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу мәліметінше, қаскөйлер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген. Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

"Алматы мен Алматы облысы полиция бөлімшелерінің бірлесіп жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алты адам ұсталды.

Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді", - делінген хабарламада.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасып жатыр.

"Мұндай қылмыстармен күресу - біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Біз жәбірленушінің арызына жедел ден қойып, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырып, күдіктілерді ұстадық. Алматы полициясы құқық қорғау рәміздерін заңсыз пайдалану деректерінің жолын кесуді және оған қатысы барлардың барлығын жауапкершілікке тартуды жалғастырады", - деді Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама