27 қыркүйек 2018 14:52

Полицейлерге жолға видеотіркегішсіз шығуға тыйым салынады - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жол-патрульдік полицейлердің 97 пайызы видеотіркегішпен қамтылған. Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғымбаев депутаттарға патрульдік жасақ жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау туралы айтып берді. Енді жеке құрамның 70 пайызы қоғамдық тәртіпті сақтауға, ал 30 пайызы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

"Жол қозғалысын бақылауды автопатрульдер қамтамасыз етеді. Жол-патрульдік полицейлеріне видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынған. Бізде жеке құрамның 97 пайызы видеотіркегішпен қамтамасыз етілген. Ол жүргізушінің жол ережелерін бұзғанын ғана емес, патрульдік полицейдің әрекеттері мен жолдағы барлық жағдайды бақылап отырады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети