Полицейлерге шабуыл жасалған Сортөбе ауылындағы оқиғаның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлерге шабуыл жасалған Сортөбе ауылындағы оқиғаның видеосы жарияланды Сурет: куәгерлерден

Жамбыл облысында жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларымен жаға жыртысты. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу тақыланып жатыр. Онда бір топ адам туысын полицейлерге бермеу үшін жанталасқан. Тіпті құзырлы орган өкілдеріне қол жұмсауға дейін барған. КТК телеарнасы Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында болған оқиғадан сюжет жариялады.

Кадрларда ырду-дырду, жаға жыртысу. Тәртіп сақшылары әлдебір азаматты көлікке мінгізе алмай, әуреге түсіп жатыр. Ал оны жақындары жібермей, барынша қоғаштап жүр. Тіпті ол үшін құзырлы орын өкіліне қол жұмсауға бар.  

"Тапаншаңды шығар, мен атамын" деген азаматтан осылайша тәртіп сақшысы таяқ жеді. Бір емес, бірнеше мәрте соққы алды. Бұдан кейін де жағдай басылмады. Полицейлер үсті-үстіне келіп жатса да, қарсылық көрсеткендер сабасына түспеді. Керісінше, өрши түсті. Арқаланған азаматтар алдынан шыққанды аяған жоқ. Олар заң өкілдерінің жағасына жабысып, киімін жыртып, жерге әбден аунатты. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

"Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети