1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Полиция адамдарды кешірім сұрап, видео түсіруге мәжбүрлейді ме? ІІМ жауабы 11 маусым 2021, 15:35

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа кінәлі адамдардың халықтан кешірім сұрап, видео жариялап жататынына қатысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

polisia.kz видео кадрларынан polisia.kz видео кадрларынан

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа кінәлі адамдардың халықтан кешірім сұрап, видео жариялап жататынына қатысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрге тілшілер соңғы уақытта полиция резонанс тударған оқиға мен қылмысқа қатысқандардың халықтан кешірім сұраған видеоларын жиі жариялайтынын айтты. "Адамдарды оған мәжбүрлейді ме әлде өздері ұсыныс жасайды ма? Мұндай тәжірибе кінәсіздік презумпциясын бұзбайды ма?"- деп Тұрғымбаевқа тілшілер сұрақ қойды.

"Біріншіден, орган қызметкерлері бейнекамера алдында кешірім сұрауға ешкімді мәжбүрлемейді. Егер кінәлі адам іс-әрекетінің заңсыздығын шынымен түсінсе, әлеуметтік желілерде әркімнің жеке парақшасы бар, олар онда қалағанын жариялай алады. Сонымен қатар, өз кінәсін мойындап, оған өкінсе жауапкершілік алып тасталатын жағдайлар да болады", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!