Полиция әкім Ақсақаловтың жалған видеосын жасағандарды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция әкім Ақсақаловтың жалған видеосын жасағандарды іздестіріп жатыр Фото:gov.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеме жасап, оған қарсы қоқан-лоққы жасалғаны туралы айтқан видео тарап жатыр. Ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеме жасап, оған қарсы қоқан-лоққы жасалғаны туралы айтқан видео тарап жатыр. Ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі бейнеленген жалған видео тарап жатыр. Онда облыс әкіміне қауіп төніп тұрғаны жөнінде айтылған-мыс. Аталған видео жасанды интеллект көмегімен жасалған.

"Бұл жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша Қостанай облысы әкімдігі құқық қорғау органдарына ресми түрде өтініш жолдады. Зиянкестер анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап беретінін ескертеміз және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырамыз", - делінген хабарламада.

видео кадры

Жалған ақпаратты таратпау үшін аталған видеоны жарияламадық. Айта кетейік, бұл үшін Қазақстанда Қылмыстық Кодекстің 274-бабы шеңберінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ең төменгі жаза - 1000 АЕК (2025 жылы 3,9 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл, ең қатаң жаза - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети