Полиция Астана орталығында шатырдың үстіне шығып кеткен қыздың видеосын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция Астана орталығында шатырдың үстіне шығып кеткен қыздың видеосын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шатырдың үстіне шығып алған адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеода, жас қыздың "Северное сияние" тұрғын-үй кешенінің төменгі шатырларының бірінде тұр.
"Полиция қызметкерлері осы видеоны тексеріп, қыздың сол жерге шығып суретке түскенін анықтады. Осылайша ол өз өмірін қауіп-қатерге тікті. Полицейлер мұндай жағдайлардың қайталанбасы үшін тұрғындар мен ПИК қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме құрды", - деді Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.