Полиция астаналықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция астаналықтарға ескерту жасады ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана полициясы қалың қардың жаууына байланысты елорда жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерін жолда сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полициясы қалың қардың жаууына байланысты елорда жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерін жолда сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізушілерден барынша мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кенеттен тежемеуді, арақашықтық пен бүйірлік интервалды сақтауды, көлікті тек рұқсат етілген орындарға қоюды, сондай-ақ жеке автокөлікті жол бойында қалдырмауды және патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция азаматтарға қолайсыз ауа райы салдарынан қала сыртындағы жолдарда қозғалыстың уақытша шектелетінін ескертіп, алыс сапарлардан бас тартуға кеңес берді.

"Мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланыңыз", – деп кеңес берді ведомство.

Полиция жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақтық танытуы керек екенін атап өтті.

"Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшені белгіленген орындарда кесіп өтуге, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануға, жолдан өткен кезде құлаққапты шешіп, телефонға қарамауға кеңес береміз. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети