04 наурыз 2014 17:07

Полиция бейнекамераларға қатысты даулы сұрақтарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан жолдарындағы бейнекамераларға қатысты талас туғызатын сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер жолдардағы бейнекамералар заңбұзушылықтарды жазып алған кезде жауапкершілікке автокөлік иелері тартылатынын айтты. Бірақ егер бұл сәтте автокөлікті басқа адам, мысалға, сенімхат берілген адам басқарған болса, көлік иесі әкімшілік полиция бөлімшесіне шағымдана алады және ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Жолдағы бейнекамера автокөліктің стоп-сызықтан асып кеткенін түсірген болса, ал жүргізуші ол белгіні қардың немесе асфальттағы таңбаның анық көрінбеуінен байқамай қалған болса, полиция автокөлік иесінің арызын қарауға дайын. Әкімшілік полиция комитеті мамандарының айтуынша, қазіргі қысқы мезгілде жолдарда қар жатқандықтан, стоп-сызықты бақылайтын бейнекамералар сөндірілген. Бейнебақылауды Жедел басқару орталығының камералары нақты уақыт режимінде жүргізеді. ЖБО қызметкерлері жүргізушілердің қауіпсіздік белбеуін тағуын, ұялы телефонмен сөйлеспеуін қадағалап отырады. Бұл құқық бұзушылықтарды автоматты түрде бақылауға әзірше мүмкіндік жоқ. Полицияның мәліметінше, Алматы көлік жолдарында 187 бейнекамера орнатылған. 2013 жылы олардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың жарты миллионнан астам дерегі тіркелді. Ал Астанада 64 бақылау жүйесі бар, олар 112 мыңнан астам заңбұзушылықты есепке алған. Биыл еліміздің жеті қаласында: Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларында жол қозғалысын бақылаудың 25 интеллектуал жүйесі орнатылмақ, олар бақылау жүргізіп қана қоймай, заңбұзушылықтарды фотоға түсіреді де. Бұған қоса, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Жаңаөзен, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Қызылорда қалалары үшін жылдамдық режимін бұзу мен қызыл шамға тоқтамауды бақылайтын 30 біріктірілген жүйе сатып алынбақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети