Полиция блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты пікір білдірді Фото: instagram.com/assel.askar

Алматыдағы фитнес орталықтардың бірінде болған блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты полиция жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы фитнес орталықтардың бірінде болған блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты полиция жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, блогерді ұрды деген күдікке ілінген 27 жастағы ер адам анықталған. Оның әрекеті Әкімшілік кодекс бойынша "ұрып-соғу" және "ұсақ бұзақылық" деп танылды.

"Факт Медеу аудандық ПБ-на тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы ("Ұрып-соғу") және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындады.

"Азамат А.-ның дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", - деп толықтырды ведомство.

Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

Еске салайық, блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.

"Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Мелейский (Медеу - еск.) аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық.

Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын", - деді Әсел Асқар видеода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети