12 ақпан 2021 | 14:04

Полиция Екібастұздағы 9 айлық баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз тұрғыны 9 айлық ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Оның айтуынша, дәрігерлер баланың жағдайын дұрыс бағаламай, немқұрайды қараған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұз тұрғыны 9 айлық ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Оның айтуынша, дәрігерлер баланың жағдайын дұрыс бағаламай, немқұрайды қараған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баланың анасы Алина Кетебаева 2020 жылғы 26 ақпаннан бастап баланың дене қызуы көтеріліп, өздігінен түсіру мүмкін емес болғанын хабарлады. Сол күні баланы ата-анасы Екібастұз №1 емханасына апарған. 

"Дәрігерлер тісі шығып келе жатқандықтан мазасызданғанын айтты. "Ибуфен","Виферон" дәрілерін жазып берді. Кейін 27 ақпаннан 3 наурызға дейін дәрігер WhatsApp арқылы ем жүргізді. Бұл уақытта қалада тіпті карантин басталған жоқ еді", - деді қайтыс болған баланың анасы.

2 наурызда әйел WhatsApp арқылы дәрігеріне хабарласып ұлының жағдайы жеңілдегенін айтады. Бірақ сол күні таңертең қайтадан дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, мұрынынан су ағып және тамақ ішкеннен кейін құсқанын ескерткен. Дәрігер балаға "Зитмак" препаратын көрсеткен дозада беруді ұсынады. 3 наурызда, Алина Кетебаеваның айтуынша, дәрігердің қабылдауында "ЖРЗ, фарингит" диагнозын қойып, келесі қабылдау күні мен уақытын нақтыламай және ешқандай тексеру тағайындамай, бұрын айтылған препараттармен емдеуді жалғастыруды ұсынған.

Марқұмның ата-анасы 4 наурызда баланы тіс дәрігері тексеріп, оның белгілерін жеңілдету үшін салқындатқыш май тағайындағанын растады.

"4 наурыздан 5 наурызға қараған түні нәрестенің жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем келуден бас тартты. Біз өзіміз ауруханаға бардық. Қабылдау бөлмесінде дәрігерді 40 минут күттік. Сол түні ұлымыз қайтыс болды", - деді әйел адам.

2020 жылғы 2 сәуірдегі сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың қайтыс болуы іріңді-некротикалық медиастинитпен асқынған орофарингеальді аймақтың іріңді қабынуы нәтижесінде ағзаның жалпы интоксикациясынан болған. Сонымен қатар, қайтыс болған баланың денесін сот-медициналық зерттеу кезінде пневмония, бронхит және басқа да асқынулар диагнозы қойылды. Медицина сарапшыларының айтынша, баланы құтқарып қалуға мүмкіндік болған.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы бала дәрігердің аумақтық учаскесіне бекітілмегенін, оған ата-анасы өз еркімен қабылдауға жазылғанын хабарлады. Ведомствода WhatsApp арқылы хабарласу баланың анасы тарапынан басталғаны айтылды. 3 наурызда баланы қарау кезінде ауруханаға жатқызуға негіз болмады, дейді дәрігер. 

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, температурасының көтерілгені туралы шағым түскен сәттен бастап баланы тексеру үшін қан мен зәрдің жалпы талдауына жолдама берілді, дәрігер тағайындаған емдеу денсаулық сақтау министрлігі бекіткен клиникалық хаттамаларға сәйкес келеді.

"Ұлымыз қайтыс болған сәтінен бастап бір жыл уақыт өтті, ал кінәлілер әлі жазаланған жоқ. Электрон жүйедегі қабылдаулар мен талдаулар туралы кейбір жазбалар баламыздың өлімінен кейін бізді кінәлі ету үшін жасалды. Емхана қызметкерлері бізге бірде-бір рет көңіл айтқан жоқ. Олардың кінәсінен біз баламыздан айырылдық. Біз басқа отбасылардың қайғы – қасіретке ұшырамауы үшін істі сотқа жеткізгіміз келеді", - дейді баланың әкесі.

Павлодар облысы полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, баланың қайтыс болу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қажетті сараптамалар жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети