07 желтоқсан 2018 11:31

Полиция жыл басынан бері қанша адамды ұстады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.liga.net © news.liga.net

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 2018 жылы полицейлер өткен жылмен салыстырғанда 38,5 пайызға аз адамды ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 2018 жылы полицейлер өткен жылмен салыстырғанда 38,5 пайызға аз адамды ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенаты тыңдалымында Қасымов 2018 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 8,1 пайызға төмендеген. 

"Ұсталған адамдар бойынша өткен жылмен салыстырғанда 35,5 пайыз төмен. 48 сағатқа ұстау - 7208 адам, 72 сағатқа 1556 адам, 24 сағатқа - небәрі 64 адам. 7306 адам сот санкциясымен ары қарай қоғамнан оқшауланды. 785 адам кепілақымен шығарылды, 79 адам үйқамақта болды, 671 адам ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы шықты", - деді ІІМ. 

Ағаттық немесе ауыр емес қылмыстар бойынша, министрдің мәліметінше, 761 іс сотқа жіберілген, оның 741-і - қылмыстық ереже бұзушылық, ал 20-ы ауыр емес қылмыс түрі. 

"Биыл бірінші жарты жылдықта судьялар жаппай айыппұл сала бастады. Алайда кейбір жағдайларда айыппұл мөлшері тым көп болған соң, олардың материалдық қаражаты жетпейтіндіктен олар бұдан бас тартып жатты. Қылмыстық теріс қылық үшін 20-дан 500 АЕК, 62 мың теңгеден миллион теңгеге дейін, ауыр емес қылмыс үшін 500-ден 10 000 АЕК, яғни бір миллионнан 24 миллионға дейін", - деді министр. 

Қасымовтың айтуынша, осы мәселе биыл 12 шілдеде заң жүзінде шешімін тапқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети