Полиция карантин талабын бұзған баланы атып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция карантин талабын бұзған баланы атып тастаған Фото: reactor.cc

Кения астанасы Найробиде полиция қызметкерлері карантин талабын бұзған баланы атып тастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кения астанасы Найробиде полиция қызметкерлері карантин талабын бұзған баланы атып тастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Бала көп қан жоғалтып, салдарынан ауруханада көз жұмған.

СNN телеарнасының мәліметіне сәйкес, ол тәртіп сақшыларын бақылау үшін қарындасымен бірге балконға шығыпты.

Қаза тапқан баланың әпкесінің айтуынша, полицияға оларға қалта шаммен жарық түсіріп, кейін оқ ата бастаған. Оқтың бірі баланың ішіне тиген. Көршілері баланы ауруханаға апарғанымен, ол сонда қайтыс болған.

Кенияда енгізілген комендант сағатына байланысты полицияға тәртіп бұзғандарға қарсы оқ атуға рұқсат берілген.

Amnesty International ұйымының құқық қорғаушылары елде комендант сағаты енгізілгеннен бері 16 адам көз жұмғанын айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети