22 тамыз 2017 12:23

Полиция "Қазақтарды өлтіру керек" деп жазып кеткендерді іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews коллажы © Tengrinews коллажы

Полиция "Қазақтарды ит сияқты өлтіру керек" деп жазып кеткендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция "Қазақтарды ит сияқты өлтіру керек" деп жазып кеткендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл сурет Facebook желісінде 21 тамызда жарияланған. Қолданушы Samat Nurtaza-ның айтуынша, сурет Жеңіс даңғылы мен Молдағұлова көшесінің қиылысындағы аялдамада түсірілген. 

"Мұндай ұлтараздықты қоздыру жағдайларын түбегейлі жою қажет. Қала әкімдігінен видеобақылау камераларын тексеруді сұраймын. Бұзақылар мен айдап салушыларды жазалау қажет", - деп жазды қолданушы.  

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша тіркелді. Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Бірқатар тергеу шарасы жүргізілді, оқиға орнын қарау, тұрғылықты жер бойынша жауап алу, видеобақылау камераларындағы жазбалар тәркіленді. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Полицейлер осыған қатысы бар адамдарды ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады елордалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети