22 қыркүйек 2021 | 12:45

Полиция көлгіне орнатылған "Сергек" алматылықтарды таңғалдырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда мобильді "Сергек" пайда болды, бұл жергілікті жүргізушілерді таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда мобильді "Сергек" пайда болды, бұл жергілікті жүргізушілерді таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіл қолданушылар жол полициясының ерекше көлігін талқылап жатыр. Көліктің төбесінде "Сергек" камерасы орнатылған. Жазба "сипаттамасында көліктегі сыртқы бейнебақылау камерасы айыппұл төлеушілерді және басқа борышкерлерді анықтауға арналған" деп көрсетілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырған.

"Әрине, сендер басқа не істейсіңдер?"

"Қалай пара алатыны, жазыла ма?"

"Алимент төлеушілер сыртқа шыға ала ма?"

"Жол ережесін бұзса айыппұл салады, бұзбаса салық төлетеді", - деп жазды Желі қолданушылары. 

Алматы полиция департаменті мәліметінше, 20 қыркүйекте қалада айыппұл төлемей жүргендер бойынша жұмыс басталған. Құқық қорғау органдары "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасын бастаған.

"Көлік көп жүретін жерлерге жол-патрульдік полициясы тартылды. Сондай-ақ борышкерлерге әкімшілік айыппұл бойынша берешегі автоматты түрде есептелетін "Сергек" қолданылды. Іс-шара адамдарды анықтауға бағытталған және шектеулері бар көлік құралдары, яғни қамауға алу, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімде ерікті түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бойынша орындалмаған шешімдері бар қатаң міндеттемелерді орындаушылар", - деп түсіндірді полиция өкілі.

Егер жүйе борышкерді тапса, инспектор көлікті тоқтатып, тоқтау себебін түсіндіреді. Әрі қарай, құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айып тұрағына алынады. Сол жерде ұстау хаттамасы жасалады.

Іс-шараға жеке сот орындаушылары мен қала прокурорлары қатысқандығы айтылды. Олардың арасында белсенді және қоғамшыл Арсен Шакуов та болған. Ол рейдтің бірінші күні ұсталғандар арасында 40 миллион теңге қарызы бар ер адам болғанын айтты. Оның автокөлігін полицейлер тәркілеп, айыппұл тұрағына апарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети