01 қазан 2023 17:10

Полиция қызметкерлері Алматы облысындағы мешітте болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы облысында мешіт имамы намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы ұрып жіберген видеосы тараған еді. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында мешіт имамы намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы ұрып жіберген видеосы тараған еді. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тексеру барысында видеода көрсетілген оқиға 2023 жылғы 27 маусымда Шелек ауылындағы мешітте болғаны анықталды. Намаз кезінде 1978 жылы туған Е. есімді ер адам сол қолымен 3 жасар баланы ұрып жіберген", - деді Алматы облыстық ІІД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Полиция қызметкерлері оқиға кезінде баланың әкесі болғанын, ол арыз жазудан бас тартқанын және бір-біріне ешқандай талаптары жоғын айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы "Хидаят" мешітінде болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Ол жұмыстан шығарылды.

"Қазір полиция жан-жақты, толық және объектив шешім қабылдау үшін барлық қажетті тексеруді жүргізіп жатыр. Имамға баланың ата-анасының, ауыл тұрғындарының және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің көзінге профилактикалық әңгіме жүргізілді. Имам кешірім сұрады", - деп қосты полковник Әленов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мешіт имамы намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы ұрып жіберген видеосы тараған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Видеодан бірнеше адамның сап түзеп, намаз оқып жатқанын көруге болады. Олардың арасында бірнеше бала да бар. Олардың біреуі әрі-бері жүгіріп жүреді. Алайда оған басқа кісілер назар аудармастан, намаз оқуды жалғастырады.

Бір кезде бала имамға қарай жақындағанда, ол бүлдіршіннің бетінен ұрып жібереді. Бала сол жерде шалқасынан құлап түседі.

Кейін ҚМДБ өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети