14 ақпан 2024 | 09:10

Полиция мен ҰҚК кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелерін ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігі былтыр желтоқсанда Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарлаған. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды. Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша соталды тергеу жүргізілді. Тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды.

Сондай-ақ, олардың "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды.

Осыған байлынасты биыл 13 ақпанда Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД-ның жедел уәкілдері жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар тағы да 8 адамды ұстады.

"Полиция қызметкерлері 25 тінту жұмысын жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіледі. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Ішкі істер министрлігінің үнемі бақылауында", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети