Полиция мотоциклдері сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
Полиция мотоциклдері сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
Электрондақ сауда алаңының сайтында полицейлердің онға жуық мотоциклі жарияланған. Құжаттарға қарағанда, мотоциклдер Қытайда жасалған, JBW 2007 маркалы мотоциклдер. Алайда, басылымның мәліметінше, олардың қоймада қанша уақыт сақталып келгені белгісіз.
Мотоциклдердің бастапқы бағасы - 158 мың теңге. Аукцион голландиялық әдіс бойынша жүргізіліп жатыр екен, яғни, баға барған сайын арзандайды.
Шарт бойынша, сатып алушы табылмай жатқан жағдайда техниканың бағасы әр екі минут сайын арзандайды. Ең көп дегенде 79 мың теңгеге дейін арзандауы мүмкін.
Еске сала кетейік, мұның алдында полиция көліктерінің 250 мың теңгеден сатылып жатқаны хабарланған болатын. Аукцион 11 шілдеде өткен еді.