Полиция өкілдері эвакуатордағы көлікке салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция өкілдері эвакуатордағы көлікке салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді

Ақмола облысының полицейлері эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке салынған айыппұл туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының полицейлері эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке салынған айыппұл туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оқиға Ақмола облысындағы тасжолда болған. Жылдамдықты шамадан тыс асырғанын "Автоураган" жол қозғалысын бақылау бейнежүйесі тіркеген.

"Айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым автоматты түрде қалыптастырылып ол көлік иесіне жолданды. Бірақ біз Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді тексеріп, әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан, бұл айыппұлды жойдық. Бұл жағдайда айыппұл төленбеген", - деп түсіндірді Полиция департаменті.

Полиция инспекторлары "Автоураган" жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін үнемі тексеретіні атап өтілді.

"Әкімшілік тәжірибе қызметкерлері бағдарламалық қамтамасыз етудің дұрыс жұмыс істеуін тұрақты негізде тексеріп, заңсыз әкімшілік жаза қолдануды анықтайды. Осындай және өзге де деректер анықталса, құқық бұзушылықтың болмауына байланысты әкімшілік іс тоқтатылады", - деп толықтырды департаментте.

Еске салайық, Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынды.

Оқиға 12 ақпанда болған. Көлік иесінің айтуынша, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үстінде болған. Оның үстіне, бұны камераның өзі де түсіріп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети