ІІМ өкілдері Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан түні түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ өкілдері Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан түні түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоға түсірілген әрекеттер 4 қазанға қараған түні Талғардағы "Қамажай" дүкенінде болған.
Кадрларда Шерзатты өлтірген күдіктінің екі бөтелке сыра мен төрт қорап темекі сатып алғаны көрінеді. Шамасы, төлем бірден түспеген болса керек. Транзакция аяқталған уақыттан кейін ер адам тағы бір бөтелке сыра сатып алып, қолма-қол ақша төлейді. Кейінірек күдікті дүкенге оралып, телефонын қуаттап алуды сұрайды. Бірнеше минуттан кейін ол телефонға оралады. Кейінірек оқиға көшеде өрбиді. Сол жерде төбелес басталған. Толығырақ видеодан көре аласыз.
Сондай-ақ, полиция Шерзат Болат қаза тапқанда оқиға орнында түсірілген видеоның тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовтың айтуынша, бір күн бұрын әлеуметтік желіде "Қамажай" дүкенінде түсірілген видео пайда болған.
"Кеше (14 қазан - еск.) әлеуметтік желілерде бұл бейне пайда болды. Өзіндік қауіпсіздік департаменті осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады - бұл бейненің әлеуметтік желілерге қалай түскенін анықтау қажет. Біз тек істі қозғадық, менің ойымша, істің аясында мұның бәрін анықтаймыз", - деді Аленов ӨКҚ брифингінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!