Белгілі қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі өлі жануармен түскен суретін жариялады. Қолданушылар әртіс түлкілерді аулап, олжасымен суретке түсті деп топшылады. Төреғали Төреәлінің әрекеттері қазақстандықтар арасында екіұшты пікір тудырды. Кейбірі әншінің әрекетін сынға алыеп, оны жазалауға шақырса, басқа бірі, керісінше, аң аулауды насихаттағаны үшін мақтады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әншінің фотосуретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Былтыр желтоқсан соңында Төреғали Төреәлі Алматы облысында аң аулауға шыққан. Кейін ол жанкүйерлеріне аңшылық нәтижесін көрсеткен. Алайда, суретке бәрі риза бола қойған жоқ. Көптеген адам әлеуметтік желі бұл суретті қалай өткізгеніне таңғалған, өйткені жаңа ережелерге сәйкес Instagram зорлық-зомбылық белгілері бар фотосуреттерді бұғаттайды.
"Шектен шыққан","Масқара","Қатыгездік","Көңілім қалды","Қаталдық" - жазбадағы пікірлер осындай.
Осы оқиғадан кейін Tengrinews.kz тілшісі әртіспен байланысқа шығып, оның әрекетін түсіндіріп беруін сұрады. Алайда ол бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Төреғали Төреәлі фотосуретте түлкі емес, шиебөрі екенін ғана атап өтті. Сондай-ақ, ол аңды ешкім атпағанын, оны тазы тұқымды аң аулау иттері ұстап алғанын айтты.
Қазіргі уақытта Төреғали Төреәлінің сол жазбасы парақшасында жоқ. Әнші суреттерді Instagram-дағы парақшасынан не өшірген, не жасырып қойған.
Айта кетейік, аңшылыққа жеңілмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы да барған. Ол да денесі қанаған жануарды Instagram-парақшасында жариялаған. Спортшы бұл күні екі шиебөрі ұстағанын айтқан.
Пікір жазған қолданушылар оны қолдады.
"Керемет", "Тамаша көрініс", "Нағыз қазақы фотосурет", "Нағыз адал және таза аңшылық", "Нағыз қазақ", - деп жазды қолданушылар.
Артынша Экология министрлігі әншінің суретіне қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәлімдеуінше, түлкі аулауға тыйым салынбаған, сондықтан оларды аулауға рұқсаты болса, әншінің аңшылығы заңға қайшы емес.
"Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы бұйрығына сәйкес түлкі аулауға 1 қарашадан 15 ақпанға дейін рұқсат етіледі. Бірақ тиісті лицензия болуы міндетті. Алайда мұндай фотосуреттерді жариялау жануарларға қатысты зорлық-зомбылықты насихаттау болып саналады. Қазіргі уақытта Алматы облысының полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр. Полиция нәтижеге құқықтық баға береді", - деді Экология министрлігінің қызметкерлері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!