21 қаңтар 2021 | 11:22

Полиция Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суретін тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/zhankoshturarov Фото:instagram.com/zhankoshturarov

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түсірілген қар барыстарының терілерін зерттеді. Енді қазір бұл суретті Алматы полициясы зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түсірілген қар барыстарының терілерін зерттеді. Енді қазір бұл суретті Алматы полициясы зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік өкілдері жануар терісінің қар барысына тиісті екенін тексеру үшін тергеу жүргізіледі.

"Бұл жазбаларды Алматы облысының Экология және табиғатты қорғау министрлігі зерттеді, материалдар 2021 жылғы 20 қаңтардағы хатпен Алматы полиция департаментіне Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас белгілері бойынша) жолданды",- деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, полиция жүргізген тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салайық, мұның алдында Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтіргені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети