26 қараша 2021 15:51

Польша бензин, газ және электр энергиясына салынатын салықты азайтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий ел билігі бензин, газ және электр энергиясына салықты азайтатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.


Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий ел билігі бензин, газ және электр энергиясына салықты азайтатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Саясаткер бензин салығы Еуропа Одағы рұқсат еткен ең төмен көрсеткішке дейін азаятынын айтты. Ол 20 желтоқсаннан бастап бес айға созылады.

Газға қосылған құн салығы қаңтар-наурыз аралығында 23 пайыздан 8 пайызға дейін төмендейді. Электр энергиясына ҚҚС 5-тен 23 пайызға дейін төмендетіледі.

Қысқартулар биыл жыл басында жарияланған және елдегі билеуші "құқық және әділеттілік" партиясының (PiS) "поляк тәртібі" деп аталатын Польшаның салық режиміндегі өзгерістерге сәйкес келеді. Польша Үкіметінің қыркүйектегі есебіне сәйкес, 2022 жылдан бастап шамамен 9 миллион поляк азаматы табыс салығын төлеуді тоқтатады, сонымен қатар, зейнеткерлердің 70 пайызы салық төлемейді.

Қазанда Польша Ұлттық банкі Чехия, Венгрия және Румыниядағы әріптестерінен кейін инфляцияны ұстап тұру үшін пайыздық мөлшерлемені көтерді. Әлемнің басқа елдері дүниежүзілік энергия бағасының өсуіне және коронавирус пандемиясынан туындаған өндірісті тоқтата тұруға байланысты жеткізілім тізбегінің бұзылуына қарай инфляциялық қысымға тап болады. 

Қазақстанда да инфляция кейінгі төрт жылда рекордтық деңгейге жетті. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2021 жылғы сәуірден тамызға дейін жылдық инфляция 7-ден 8,7 пайызға дейін жеделдегенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети