Польша Қазақстанға ағза саудасымен айналысқан Украина азаматын экстрадициялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша Қазақстанға ағза саудасымен айналысқан Украина азаматын экстрадициялады видео кадры

Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан СІМ көмегімен адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын Польшадан экстрадициялады.

"Ол 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінді.

Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды", - делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарымен 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу-сату және кейіннен трансплантациялауды ұйымдастырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

"Биыл наурызда ол Польша шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Жаза ретінде мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети