Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді © akorda.kz

Сәрсенбі, 6 қыркүйекте Астанаға Польша президенті Анджей Дуда келеді. Ол Қазақстан Президентімен кездеседі. Екі көшбасшының келіссөздері күннің бірінші жартысында Ақордада өтеді. Бұл туралы РИА Новости Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Польша президентімен кездесу аясында қазақстандық-поляк бизнес-форумының өтетіні айтылады. Онда Назарбаев пен Анджей Дуда қатысады деп жоспарланып отыр.

Форумға ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, құрылыс материалдарын шығару, химия, тау-кен металлургиялық, фармацевтикалық және басқа да салаларда жұмыс істеп жүрген шамамен 200 поляк кәсіпкері қатысады. 

"Бүгінде Қазақстан мен Польша 24 халықаралық шарт жасасты. Тағы 15 жоба енді қаралады. Сондай-ақ, алдағы бизнес-форум аясында аймақаралық ынтымақтастық саласында қол қойылуы тиіс құжаттар бар", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети