06 қараша 2020 | 16:23

Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dziennikwschodni.pl © dziennikwschodni.pl

Люблинде (Польшаның шығысындағы қала) 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтеді, - деп хабарлайды Dziennik Wschodni.


Иконка комментария блок соц сети

Люблинде (Польшаның шығысындағы қала) 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтеді, - деп хабарлайды Dziennik Wschodni.

Жоспарланған шара туралы Люблиннің мэриясы ресми түрде мәлімдеді. Шара сейсенбі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:00-де) өтеді. Акцияны ұйымдастырушылар Польшаның аңшылық қоғамының штаб-пәтерінің алдында жиналмақ. 

Шара 1 қарашада Ключковицте болған қайғылы жағдайға реакция ретінде ұйымдастырылып отыр. Мектеп-интернаттың жанында 16 жастағы қазақстандықты браконьер полицей атып өлтірген болатын. 

Польшада 16 жастағы қазақстандықты аңшы атып өлтірді. Студентті қабан деп ойлаған

Басында полиция 16 жастағы жасөспірім аңшының құрбаны болуы мүмкін деп ойлады. Алайда жексенбіде мектеп аумағында аң аулау туралы хабарламалар болмаған.

Осы оқиғадан бір күн өткен соң, отставкадағы полицей 51 жастағы Дариуш Ч. ұсталды. Сондай-ақ, оның 41 жастағы досы, шіркеу қызметкері және ерікті өрт сөндіруші ұсталған.

Бұрынғы полицей үш айға қамауға алынды. Қылмыстың бұл түрі үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті жабайы қабанды атып жатқанына сенімді болған.

Оқ атқан адамның досы кәмелетке толмаған жәбірленушіге көмек көрсетпеді деп айыпталды. Ер адам қылмыскерге шындықты жасыру үшін оның оқиғалар нұсқасымен келісіп, оған көмектесті. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Польша аңшылар қауымдастығының өкілдері күдікті қылмыс жасаған кезде аңшылықпен емес, браконьерлікпен айналысқанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети