06 қараша 2020 | 17:11

Польшадағы қазақстандық студенттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауда - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dziennikwschodni.pl © dziennikwschodni.pl

Қазақстанның Варшавадағы елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауда ұстауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Варшавадағы елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауда ұстауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Польшаның құқық қорғау органдарының мәліметінше, жергілікті полиция кісі өлтірген күдіктіні және оның жолдасын - осы елдің азаматтарын ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды, ал оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдікті аңшы екені анықталды және қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтеді

"Қазақстан тарапы Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізуді және барлық кінәлілерді жазалау туралы өтініш білдірді. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдауда.

Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың сезімдері мен жеке өміріне қол сұқпау құқығын құрметтеуді, осы трагедия төңірегінде дүрліктірмеуді сұрайды", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында Польшада 16 жастағы қазақстандықты аңшы атып өлтіргені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасын барған кезде болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети