03 ақпан 2020 14:57

Помпео Қазақстандағы сапарынан алған әсері туралы жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қазақстандағы сапарынан кейін бірнеше твит жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қазақстандағы сапарынан кейін бірнеше твит жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менің Қазақстанға сапарымнан кейін мен біздің адамдардың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету ісінде ынтымақтастық үшін алда болатын мүмкіндіктерге үлкен үміт артамын. Біздің ортақ бейбітшілікке, өркендеу мен қауіпсіздікті ұстануымыз өңірдегі болашақты жарқын етіп көрсетеді", - деп жазды Помпео.

Помпео Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу үлкен абырой екенін жазды. 

"Құрама Штаттар Қазақстанның тәуелсіздігін, ұлттық тұтастығы мен егемендігін қорғауды жалғастырады", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, мемхатшы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жайлы сөз қозғады. 

"Біз ынтымақтастығымызды кеңейтуге және 2020 жылы серіктестігімізді нығайтуға үміттенеміз", - деп жазды Майкл Помпео.

Помпео сондай-ақ, Қытайда тұратын этникалық қазақтардың туыстарымен кездесуі жайлы айтты.

"Елші Уильям Мозер мен елшілік қызметкерлері АҚШ-тың мүдделерін Америка халқының атынан осы жерде және Орталық Азияның барлық өңірінде ілгерілету үшін үздіксіз жұмыс істейді. Біздің дарынды командамызбен кездесуге және алғыс білдіре алғаныма қуаныштымын", - деп атап өтті мемхатшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети