ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2020 | 14:57
Помпео Қазақстандағы сапарынан алған әсері туралы жазды
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қазақстандағы сапарынан кейін бірнеше твит жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қазақстандағы сапарынан кейін бірнеше твит жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің Қазақстанға сапарымнан кейін мен біздің адамдардың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету ісінде ынтымақтастық үшін алда болатын мүмкіндіктерге үлкен үміт артамын. Біздің ортақ бейбітшілікке, өркендеу мен қауіпсіздікті ұстануымыз өңірдегі болашақты жарқын етіп көрсетеді", - деп жазды Помпео.
After my visit to #Kazakhstan, I’m even more optimistic about the opportunities that lie ahead for us to collaborate in building prosperity for our people. With our shared commitment to peace, prosperity, and security in the region, the future looks bright. pic.twitter.com/ktxAFfKQEq
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) February 3, 2020Помпео Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу үлкен абырой екенін жазды.
"Құрама Штаттар Қазақстанның тәуелсіздігін, ұлттық тұтастығы мен егемендігін қорғауды жалғастырады", - деп жазды ол.
Honored to meet today with First President Nazarbayev and reflect on the strength of our relationship. The United States will continue to champion #Kazakhstan’s independence, national integrity, and sovereignty. pic.twitter.com/MShmMVMlMO
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) February 3, 2020Сонымен қатар, мемхатшы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жайлы сөз қозғады.
"Біз ынтымақтастығымызды кеңейтуге және 2020 жылы серіктестігімізді нығайтуға үміттенеміз", - деп жазды Майкл Помпео.
Great opportunity to reconnect with @MFA_KZ Foreign Minister Tileuberdi in Nur-Sultan today. We look forward to expanding our cooperation and strengthening our partnership in 2020. pic.twitter.com/sMEF4wXUu9
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) February 2, 2020Помпео сондай-ақ, Қытайда тұратын этникалық қазақтардың туыстарымен кездесуі жайлы айтты.
Met with the families of ethnic Kazakh-Chinese minorities who are among the 1M+ detained or sent to #Xinjiang internment camps. Grateful to #Kazakhstan for not forcibly returning members of Muslim minority groups to an uncertain fate in China and protecting those who seek asylum. pic.twitter.com/dxG3hK2G3h
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) February 2, 2020"Елші Уильям Мозер мен елшілік қызметкерлері АҚШ-тың мүдделерін Америка халқының атынан осы жерде және Орталық Азияның барлық өңірінде ілгерілету үшін үздіксіз жұмыс істейді. Біздің дарынды командамызбен кездесуге және алғыс білдіре алғаныма қуаныштымын", - деп атап өтті мемхатшы.
Ambassador Moser and @USEmbassyKAZ work tirelessly to advance U.S. interests on behalf of the American people here and throughout the #CentralAsia region. Glad to have the opportunity to meet and thank our talented team in person today. #OneTeamOneMission pic.twitter.com/yHgWjhqJri
— Secretary Pompeo (@SecPompeo) February 2, 2020
Показать комментарии
Читайте также