Помпео Назарбаевқа қазақ тілінде амандық тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Помпео Назарбаевқа қазақ тілінде амандық тіледі ©REUTERS

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Израиль президенті Реувен Ривлин мен Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Майк Помпео Елбасыға қазақ тілінде денсаулық тіледі.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа COVID-19-дан толық және тез сауығып кетуін тілеймін. Бұл біздің елдеріміз үшін күрделі кезең. Бірге, біз бұл ауруды жеңеміз деп сенемін. Аман болыңыз", - деп жазды Помпео Twitter-де.

Израиль президенті Реувен Ривлин екі ел "жақсы қарым-қатынаста қалу керек" екенін айтты.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығуына тілектеспіз. Екі еліміз жақсы қарым-қатынасын жалғастырады", - деп жазды ол.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди де әлеуметтік желіде Назарбаевқа хат қалдырды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген тілегім ізгі. Тезірек сауығыңыз, зор денсаулық тілеймін. Біз досымызды және стратегиялық әріптесіміз Қазақстанды коронавирус пандемиясымен күресте қолдаймыз", - деп атап өтті ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети