Порошенко Астанада жұбайымен естелікке суретке түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Порошенко Астанада жұбайымен естелікке суретке түсті Нұрсұлтан Назарбаев, Петр Порошенко жұбайы Марина Порошенкомен. Сурет Украина президентінің ресми сайтынан алынған

Украина президенті Петр Порошенко мен оның жұбайы Астанаға барған сапарынан естелік қалдыру үшін суретке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Петр Порошенко мен оның жұбайы Астанаға барған сапарынан естелік қалдыру үшін суретке түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Порошенко және оның жұбайы Марина мен Нұрсұлтан Назарбаев түскен суретті Украина президентінің ресми сайты жариялады.

"Украина мемлекетінің басшысы мен оның жұбайы барған президенттік Ақорда сарайының салтанатты шаралар залында Украина мен Қазақстанның әнұраны шырқалды. Екі елдің басшылары Қазақстан құрметті қарауылының әскери сабын қарап шығып, өз елдерінің делегациясын таныстырды. Салтанатты шарадан кейін Петр Порошенко мен Нұрсұлтан Назарбаевтың "көзбе-көз" форматындағы кездесуі өтті", - делінген Порошенконың ресми сайтындағы хабарламада.


© president.gov.ua


Порошенконың жұбайының жанында тұрған Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. © Тұрар Қазанғапов

Осыдан кейін Украина-Қазақстан келіссөздері кеңейтілген құрамда өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети