17 ақпан 2014 | 16:45

Пошташыларға 21 көліктің кілті тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

пошта көліктері пошта көліктері

Өскеменде әр ауданнан келген пошта қызметкерлеріне су жаңа 21 көліктің кілті тапсырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақтағы пошта саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры ұсынған жаңа техникаларды Шығыс Қазақстан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде табыс етті. Бұл көліктерді жылжымалы пошта деп атауға да болады. Өйткені, бұл техникалар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ішкі жабдығы үш бөліктен тұратын УАЗ-3741 автомобильдері пошта қызметіне лайықтандырылып жасалған. Көліктің артқы бөлігінде тұтынушыларға арналған үстел мен орындық орналасқан. Тұрғындар газет-журналдар мен зейнетақыларын сол жерден алып, хат-хабар, сәлемдемелерін де поштаға салып жібере алады. Ортаңғы бөлігінде кассир орны, электронды таразы, ноутбук пен принтер орнатылған. Пошта қызметкері ешқайда шықпастан, осы жерде отырып-ақ көлік ішіндегі кешенді аспаптармен халыққа қызмет көрсете алады. Мұнымен қоса, жаңа УАЗ-дың ішінде аптап ыстықтар мен қақаған аяздарда да қиындықсыз жұмыс істей беру үшін айтарлықтай жағдай қарастырылған. Автономдық жылыту құралдары мен салқындату жүйесі жетілдіріліп жасалған. "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының директоры Ербол Көбентаевтың айтуынша, жылжымалы поштаның ыңғайлы тұсы - көліктердің шалғай ауылдарға кедергісіз баруы. Ауылдардың барлығында қазір бұрынғыдай пошта үйлері жоқ. Аудан орталығындағы құрылғыларды алып жүру тіптен оңай емес. Директордың сөзіне сенсек, жол талғамайтын УАЗ автомобильдері аудандағы ең шалғай деген ауылға бұдан былай аптасына екі мәрте қатынайтын болады. Айта кетейік, көліктер Семей, Өскемен қалалары мен Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарының пошта байланыс тораптарына берілді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети