Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкіметтің" жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкіметтің" жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз "Азаматтарға арналған үкіметті" құрдық. Нәтижесінде оның немен айналысып жатқаны түсініксіз. Адамдарға онлайн режимде тіркемейтіндеріңіз жайлы айтасыздар, олай болса бұл үкіметті неге құрдық? Ешқандай да жағдай жасамасыңыздар...", - деді премьер-министр мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновке.
Данияр Ереншінов өз кезегінде "Азаматтарға арналған үкіметтің" арнайы ескертпе дайындағанын және оның келесі аптада барлық ХҚКО-да таратылатынын, сондай-ақ, ол ескертпенің халықтың уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарына жауап бере алатынын айтты.
"Сіздің жедел шараларды қабылдадық деп баяндама жасап отырғаныңыз жақсы. Бірақ бұл жұмыс соңына дейін атқарылуы тиіс. Сіздердің дайындаған ескертпелеріңіз жайлы айтатың болсам, ол қазір халыққа қажет те емес. Оны бұрыннан дайындап, тарату керек еді. Уақытша тіркеуді енгізу - жақсы шара, бірақ мұнда ең басты проблема біздің осы жұмысты ұйымдастыруымызда. Сол қателіктерді қайта жасадық, заңдарды қабылдап жатырмыз, бірақ та оның негізгі ережелерін жеткізе алмаймыз. Үнемі осы жерде қателесеміз. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырамын", - деді Сағынтаев.
Айта кетейік, осыған дейін Үкімет басшысы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алған еді.