Премьер-министр бағаның өсуіне байланысты әкімдіктерге ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр бағаның өсуіне байланысты әкімдіктерге ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиімсіз жұмысы үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиімсіз жұмысы үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азық-түлік инфляциясының көрсеткіштері бірқатар әкімдіктің бұл жұмысты тиімсіз жүргізіп жатқанын көрсетеді. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның 0,1 пайызға өсуі байқалды, оның ішінде Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қызылорда бойынша - шамамен 0,2 пайыз", – деді Премьер-министр.

Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуді тапсырып, оларда бағаны ұстап тұру үшін қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.

"Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты әсерін сезініп, көруі керек", - деп қосты министрлер кабинетінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети