Премьер-министр бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы айтты Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2024 жылы бизнесті тексеруге мораторий алып тасталғаннан кейін қазақстандық кәсіпкерлерді не күтіп тұрғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2024 жылы бизнесті тексеруге мораторий алып тасталғаннан кейін қазақстандық кәсіпкерлерді не күтіп тұрғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасы мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қолайлы бизнес-ортаны құруға үлкен мән беріп отыр.

"Біз бизнес қауымдастықпен бірлесіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін шектен тыс талаптарды анықтау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде 10 мыңнан астам негізсіз талапты анықтадық. Бүгінде оның 9 мыңының күші жойылды. Қалғаны келер жылдың басында Парламентте тиісті заң қабылданғаннан кейін алып тасталады", - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бұл адами факторды жоя отырып, тексерулерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың саны 2 есеге қысқарады. Жалпы заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысым азаяды.

"Осылайша, мораторий аяқталғаннан кейін елде жаппай тексерулер болмауы керек. Адал кәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ", - деді премьер-министр.

Ол бизнестің проблемалары министрліктер мен Үкіметтің түрлі алаңдарында тұрақты түрде жан-жақты талқыланатынын айтты. Олардың көбі шешімін тапты.

Үкімет басшысының айтуынша, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің 36,5 пайызына дейін өсті. Биылдың өзінде мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 500 мыңға артып, 4,3 миллион адамға жетті. Өсу қарқыны шамамен 14 пайыз болды.

"Бұл ретте біздің алдымызда орта мерзімді перспективада ШОБ үлесін ЖІӨ-нің 40 пайызына дейін арттыру міндеті тұр. Бұл еліміздің одан әрі тұрақты дамуына негіз болады", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети