"Премьер-министр болып Астанаға кетесіз". Досаев тұрғынның сұрағына жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Премьер-министр болып Астанаға кетесіз". Досаев тұрғынның сұрағына жауап берді

Алматылықтармен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев премьер-министр қызметіне ауысуы туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтармен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев премьер-министр қызметіне ауысуы туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуінде Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі өз алаңдаушылығын жеткізді.

"Үлкен ұлым отбасымен тұратын Жарылғасов көшесіндегі мәселені айтайын деп келдім. 50 жылдан аса уақыттан бері кәріз жоқ. Көшенің ортасында мешітте кәріз құбыры бар. Ал қалған 150 үйдің бәрінде – жоқ. Түрксіб ауданында тендерді ұтып алған ұйымдар "Нижняя пятилетка" шағынауданында кәріз құбырларын қазып, қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ертең премьер-министр болып Астанаға кетсеңіз, қазір бұл... Мен бұл мәселені Байбекке (Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек. – еск.) және Сағынтаевқа (Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев. – еск.) айттым. Бұл әкімнен әкімге берілетін мұра сияқты. Ертең кетсеңіз басқа әкім келеді. Мәселе шешілмей қалмасын", - деді ол.

Бұған жауап ретінде Досаев ешқайда кетпейтінін, қала әкімі қызметін жалғастыратынын айтты.

"Бүгін алдарыңызда отырмын ғой, ешқайда кетпеймін. Рақмет. (...) Рұқсат етсеңіздер, қалып, жұмыс істейін", - деді Алматы әкімі.

Досаев бұл мәселе бойынша соңғы рет қарамағындағыларға тапсырма бергенін түсіндірді.

"Олар қазір жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап жатыр, биыл қарашаға дейін жұмысты аяқтауы керек. Біз кәріз жүйесі жоқ көшелердің бәрін біріктірдік. Келесі жылы бәрі жақсы болса, құрылыс жұмыстарын бастаймыз", - деді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети