17 қазан 2017 11:02

Премьер-министр: Жанармайға қатысты мәселе Назарбаевтың жеке бақылауында

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі бензин мәселесін бақылап, үкімет мүшелерінің әрқайсына жауапкершілігі жайында ескертетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі бензин мәселесін бақылап, үкімет мүшелерінің әрқайсына жауапкершілігі жайында ескертетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен көмір мәселесі Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Президент кеше Ақордада Қанат Алдабергенұлын қабылдағанда (Бозымбаевты, энергетика министрі - автор.) тағы да жауапкершілік жайында ескертіп, барлығымызға бензин тапшылығын жоюға қатысты қажетті шараларды қолдануды тапсырды. Осыған байланысты, Қанат Алдабергенұлы, көмір, мұнай өнімдері әкімдіктегілерімен жұмысты жалғастыра беріңіздер, Асқар Ұзақбайұлы (Мамин - автор.), бақылауға алыңыз", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, премьер-министр монополияға қарсы ұйымдарға еліміздегі жанармай құю бекеттеріндегі бағаның бір қалыпты болуын бақылап жүруді тапсырды.

"Келесі аптада тағы да осы мәселені қайта көтереміз", - деді Сағынтаев.

Осыған дейін Бозымбаев бензин тапшылығына қатысты есеп берген болатын. "Бензин бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қолданылды. Шымкент және Атырау зауыттарында АИ-92 бензинін өндіру 35 тоннаға дейін арттырылды. Жеңілдетілген мұнай да қосымша жеткізіліп жатыр. Мұның бәрі жоспарланған 135 мың тонна орнына 170 мың тонна АИ-92 өндіруге мүмкіндік береді", - деген еді Қанат Бозымбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети