Премьер-министр кемінде 100 ірі жобаға цифрлық теңгені енгізуді тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр кемінде 100 ірі жобаға цифрлық теңгені енгізуді тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиын барысында премьер-министр мемлекеттік органдарға Ұлттық банкпен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп, экономиканың жекелеген секторларына цифрлық теңгені кең көлемде жедел интеграциялау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Цифрлық теңге бюджет қаражатын мақсатты пайдалануда толық ашықтықты және жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Ақшаны таңбалауды кеңейтуді тиімді жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйелердің "Цифрлық теңге" платформасымен уақтылы интеграциялануын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық базаны пысықтау талап етіледі. "Боялған ақша" тетігін енгізу сапалы және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Жақын арада Ұлттық қор мен бюджет есебінен қаржыландырылатын кемінде жүз ірі жобаны "цифрлық теңге" форматына ауыстыруды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінде айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын хабарлады.

"Платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде, алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленов баяндағандай, цифрлық теңге бүгінде оннан астам бағыт бойынша сыналған.

"Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау "Павлодар – Атырау" және "Мұқыр – Құлсары" жобаларында сыналды. Сондай-ақ "Достық – Мойынты" темір жолының және "Талдықорған – Үшарал" газ құбыры учаскесінің құрылысын қоса алғанда, Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін де пайдаланылуда. Алдағы уақытта "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырын, газ бөлу кешені және "Бақты – Аягөз" теміржол учаскесі сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарда тұр. Бұдан басқа, "Ауыл аманаты" шағын несиелеу бағдарламасы аясында қаражатты уақытша бұғаттау тетігі сынақтан сәтті өтті".

Цифрлық теңгені енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен және автокөлікпен мәмілелер жасау, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік несиелеу құралдары сияқты басқа да бағыттарда пысықталып жатыр.

Жиында сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге де назар аударылды. Бүгінде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңға, цифрлық шот ұғымын және басқа да ілеспе нормаларды енгізуді қоса алғанда, бірқатар түзетулер дайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети