Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасарларына кәсіпкерлікті қолдау мәселесін бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда бизнесті одан әрі қолдау және оған әкімшілік кедергілерді азайтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Отырыста мемлекеттің және бизнестің сындарлы жұмысының арқасында әкімшілік кедергілер мен рұқсат беру үдерістері мәселелері енді көтерілмейтіні айтылды. Қазір бірінші кезекке отандық тауар өндірушілерді қолдау, салықтық әкімшілендіру және қаржы көздерінің қолжетімділігі мәселелері шығады.

Осыған байланысты премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.
"Салықтар, несиелеу бойынша көптеген сұрақтар бар. Өткен аптада біз "Атамекен" басқармасымен, екінші деңгейлі банктермен кездестік, бәрінде несиелеу бойынша сұрақтар бар, барлығы бізде жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қолдайды. Мемлекет қосымша ақша бөліп отыр, алайда "Агробизнес-2020" және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын қайта қарау міндеті тұр", - деген тапсырма берді премьер-министр өзінің орынбасарлары Асқар Мамин мен Иманғали Тасмағамбетовке.
Премьер-министр несиелеудің қолжетімділігі мәселесіне тоқталды. Ол Үкімет Ұлттық банкпен бірге несие ресурстарының қолжетімділігі мәселесін жақсарту бойынша шаралар әзірленіп жатқанын айтып өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен бірге "Бизнестің жол картасына-2020" өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау қажет.
Бұл тапсырмалардың орындалу нәтижесін Сағынтаев 10 күннен кейін тыңдауға ниетті.