Премьер-министр Маңғыстау облысын дамыту бойынша тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Маңғыстау облысын дамыту бойынша тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндама жасады.

Үкімет басшысы Маңғыстау облысының даму әлеуеті жоғары өңір екенін атап өтті. 2,1 трлн теңге сомасына Кешенді жоспардың 214 іс-шарасын іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді. Негізгі капиталға инвестиция екі есе ұлғаяды және 2025 жылы 1,2 трлн теңгені құрайды. Өңір экономикасы 32 пайызға өседі.

Премьер-Министр өңірдің таяу жылдардағы негізгі міндеті мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, көлік пен логистиканы және т.б. дамыту болуы тиіс екенін атап өтті.

Маңғыстау облысында әлеуметтік, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар іске асырылады. Қабылданған шаралар есебінен өңір халқының 100 пайызы сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі.

"Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруды, өнеркәсіп көлемінің 27 пайызға өсуін, халықтың нақты табысының 40 пайызға өсуін және жалпы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді", — деді А.Мамин.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіпорындарда еңбекақы мен еңбек жағдайында сәйкессіздікке жол бермеу мәселелеріне ерекше бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет басшысы Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети