Премьер-министр министрлерге тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Үкімет отырысында Премьер-министр Смайылов 2023 жылы Министрлер кабинеті Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға назар аударуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында Премьер-министр Смайылов 2023 жылы Министрлер кабинеті Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға назар аударуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов министрліктер мен ведомстволарға төмендегідей тапсырмалар берді.

Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі - тұтынушылық несиелеу көлемін қысқартсын.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру, тұтынушылық кредит беру көлемін қысқарту шараларын әзірлеу және Ұлттық қордан трансферттерді біртіндеп төмендетуді қамтамасыз ету керек.

Оған қоса, бюджеттеу тәсілдерін одан әрі жетілдіру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына көбірек дербестік беру, сондай-ақ Экономиканы демополизациялау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын күшейту бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс", - деді Смайылов.

Әлихан Смайылов заң бұзушылықпен берілген кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылдау, кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыруды жеделдету, республикадағы әрбір ЖЭО-ның жай-күйін кешенді қарау және Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін қажетті газ инфрақұрылымын жүргізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Премьер-пинистр Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің ашық цифрлық картасын жасауды тапсырды. Оларды бөлу тетігі айқын болуы керек. Ал өңірлердің әкімдеріне оларды шешудің нақты алгоритмдерін әзірлей отырып, тұрғындар тарапынан туындайтын проблемалық мәселелерге уақытылы мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro